Батыр ауылында «AMANAT» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен мобильді қоғамдық қабылдау өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Батыр ауылының тұрғындары ауыз су мәселесін, жол мәселесін, мектеп мәселесін, көше жарығын көтерді. Әсіресе, ауыл ашылғалы шешілмей келе жатқан интернет мәселесін шешуді сұрады.
Интернет мәселесі бойынша «Қазақтелеком» мекемесінің жергілікті жерлерге қызмет көрсету орталығы кабель цехінің бастығы Есбол Өмірбеков алдағы уақытта Батыр ауылына сымсыз интернет желісін орнату жоспарда барын айтты.
Айта кетейік, қоғамдық қабылдауда Мемлекеттік органдардың басшылары мен облыстық мәслихат депутаттары Е. Әбілов, А. Салманов, С. Битан және аудандық мәслихат депутаты А. Ахмедов болды.