Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылында опырылған асфальттың астындағы ескі құдық құммен толтырылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл 3,2 шақырым аудандық маңыздағы автожол. 2016 жылы күрделі жөндеуден өткен. Жөндеу барысында мердігер мекеме жол ортасындағы құдықты құммен толтырмай, үстін бетонмен жапқан. Артынша бетонның үстіне асфальт төсеген. Жол бөлігін қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілді. Ескі құдықтың іші толық құммен толтырылды, келесі айда асфальт беті тегістеледі, - деді Мұнайлы ауданы ауданы әкімінің орынбасары Нұрбек Қарасаев.
Еске сала кетейік кеше әлеуметтік желіде Қызылтөбе ауылындағы тас жолдың кішкене бөлігі опырылып түскенін жергілікті тұрғын жариялағанын хабарлаған едік.