«Жер сағаты» экологиялық акциясы аясында табиғатты пайдаланушы жеке кәсіпкер «Розенко» жағалауд тазартты. Балықшылар 80 қаптан аса қоқыс жинады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Тазалық Басқұдық ауданынан Ақшұқыр ауылына дейінгі бекітілген аумақта жүргізілді. Сенбілікке 34 балықшы қатысып, 80 қаптан аса қоқыс жинады. Қоқыстың көп бөлігі - пластик, шыны, пластик пакеттер.
Балықшылардың айтуынша, қоқыстардың бір бөлігі дауыл соққан толқынның әсерінен, қалған қалдықтары жақын маңдағы құрылыс қоқыс үйінділерінен желмен келген.
Балықшылар мұндай тазалау жұмыстарын тұрақты түрде бекітілген аумақтарда жүргізеді. Алдағы уақытта тағы сенбілік болады.