Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсембаев халық алдында есеп берді. Оған облыс тұрғындары сауалдарын қойып, шағымдарын, ұсыныстарын, өтініштерін айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Тұрғындармен кездесу барысында басқарма басшысы халықпен өзара байланысу, полиция қызметінің ашықтығы, сервистік үлгіге көшу мәселелеріне тоқталды. Жаңа үлгіге көшу аясында былтыр аудан әкімдерімен бірлесіп, 8 учаскелік полиция пункті ашылды. 2025 жылға дейін 43 учаскелік полиция пунктін салу жоспарланып отыр.
«Азаматтардың сенімі мен полиция қызметкерлерімен серіктестікке негізделген қызмет көрсету моделі аясында біз қала, облыс тұрғындарымен кездесулерді жалғастырамыз, жыл соңына дейін тұрғындармен тұрақты түрде кездесулер өткізетін боламыз», - деді Аян Дүйсембаев.