© Фото azattyq-ruhy.kz
2022 жылдың 2 айында Маңғыстау облысында 161 адам көлік құралдарын мас күйде басқарған. 155 тұлға әкімшілік қамауға алынып, 6 құқықбұзушыға (1,2 топ мүгедектер, әйел адамдар) қатысты 200 АЕК айыппұл салынған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Қалдымұрат Айғарақовқа сілтеме жасап.
Барлық құқықбұзушы көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған. Бұдан бөлек, Қалдымұрат Айғарақов тұрғындар мен жүргізушілерді жол апатының алдын-алуға шақырды.
Жол-көлік оқиғасын алдын алу мақсатында, көлік құралдарын басқару кезінде жылдамдық режимін сақтауға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жаяу жүргіншілерге арналған жол өтпелерінен өту кезінде жылдамдық режимін азайтуды сұраймын, - деді ол.