Маңғыстау облысы бойынша екі ай ішінде 23 жол-көлік оқиғасы болған. Соның салдарынан 8 адам қаза болып, 27 адам дене жарақатын алған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Қалдымұрат Айғарақов мәлімдеді.
Облыс бойынша жаяу жүргіншілердің қатысуымен 4 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 1 адам қаза болып, 3 адам дене жарақатын алды.
- Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күнделікті профилактикалық іс-шаралары өткізіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жаяу жүргіншілердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Жаяу жүргінші» атты профилактикалық іс-шарасы өткізілді, - деді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Қалдымұрат Айғарақов.