© Фото скриншот. Әлеуметтік желіден алынды
Қоғамдық орында қайыр тілеп отырған мүмкіндігі шектеулі жанға сенімсіздік танытқан тұрғынның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Видеода бір тұрғын арбаға танылған жанға аяғын көрсетуді сұраған. Бұл әрекеті қоғамдық орында жүрген адамдардың ашуын туғызды.
Сол жердегі адамдар "Көрініп тұрған жоқ па, аяғын қалтасына салып алды дейсің бе? Ұялмайсың ба, аяғын тексеріп", "Ақшаңды бер де, кет. Нең бар оның аяғында", - деп тұрғынның әрекетін сынады.