Әлеуметтік желіде Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылындағы тас жолдың кішкене бөлігі опырылып түскенін жергілікті тұрғын жариялаған еді. Опырылған асфальттың астына үңілсе үңгір көрінеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ал Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Нұрбек Қарасаев жол тез арада жөнделетінін айтты. Оның сөзінше, асфальттың опырылып түскен бөлігінің астында бұрын тереңдігі шамамен 1,5 метр құдық болған. Қазіргі уақытта бұл жағдай көлік қозғалысына қауіп төндірмейді.
- 2016 жылы бұл жол күрделі жөндеуден өткен. Бұрын болған құдықтың үстін жауып, асфальт төсеген еді. Уақыт өте келе осы жағдай орын алып отыр. Тұрғындар хабарлағаннан кейін әкімдік шарасын алды. Құдықты көметін барлық құрал-жабдық қазір әкелінеді. Құдықтың орны толық жабылады, асфальтқа жөндеу жасап, бетін тегістейтін боламыз.2 сағат уақыт алатын жұмыс, - деді Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Нұрбек Қарасаев.