Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында Маңғыстау облысының транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды mangystaymedia.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биыл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қаңтар-ақпан айларында жалпы жүк тасымалдау көлемі 14,4% - ға артып 35 млн. тоннаны құраған.
Ағымдағы жылғы қаңтар-ақпан айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда:
- облыс бойынша жалпы жүк тасымалдау көлемі 14,4% - ға артып 35 млн. тоннаны құрады. (2021 ж. қаңтар-ақпан - 30,6 млн.тонна)
Теміржол көлігі арқылы тасымалданған жүк көлемі бойынша өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім бар:
- 2021 ж. қаңтар-ақпан – 3 571 мың тонна.
- 2022 ж. қаңтар-ақпан – 3 793 мың тонна. (6,2 % өсім)
Теңіз порттары арқылы тиеп-түсірілген жүктердің көлемі бойынша да ұлғаю байқалады:
2020 жылы – 5,3 млн. тонна.
2021 жылы – 5,5 млн. тонна. (3,8 % өсім)
Автомобиль көлігі арқылы тасымалданған жүк көлемі бойынша өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім бар:
- 2021 ж. қаңтар-ақпан – 13 503 мың тонна.
- 2022 ж. қаңтар-ақпан – 13 994 мың тонна. (3,6 % өсім)
Транскаспий халықаралық көлік маршрутын кеңейту бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тарапынан Ақтау теңіз сауда порты және Құрық порттарымен бірлесе отырып Қазақстаннан Еуропаға экпортталатын контейнерлік жүктерді альтернативті маршрутпен тасымалдау жоспарлануда. Енді, контейнерлік жүктер Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы Баку (Алят) портына дейін және Әзірбайжан мен Грузияның теміржолы бойынша Батуми және Поти порттарына дейін тасымалданады. Одан әрі Еуропаға немесе теміржол арқылы Баку, Стамбул, Мерсин порттарына тасымалданатын болады.
Бұл өз кезегінде Транскаспий халықаралық көлік маршруты аясында Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы тасымалданатын жүктердің көлемін қосымша 4 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін болады.
Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев өңір экономикасы дамытудың бірден бір жолы көліктік логистиканы жандандыру керектігін атап өттіп, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тасымалдау секторындағы делдалдарды алып тастау жөнінде берген тапсырмасын іске асыруды тапсырды.
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚТЖ, порт, электр жүйелері мен газ тасымалының арасында отырған делдалдарды алып тастау немесе оңтайландыру бойынша тапсырма берген болатын. Расымен бұл кәсіпкерлік саласы мен тұрғындарға ауыртпалық тигізіп отыр. Осы мәселені жан-жақты қарап, түйінін шығаруларыңызды сұраймын, -деді Нұрлан Ноғаев.