Қоғамдық қабылдауға мемлекеттік органдардың басшылары мен облыстық және аудандық мәслихат депутаттары қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қызылтөбе ауылының тұрғындары көшелерді жарықтандыру, ауылішілік жолдар, интернет, орталықтандырылған су жүйесіне қосылу, баспана және қоқыс контейнерлерін үйден алыс орналастыру сынды мәселелерді көтерді.
Орталықтандырылған су құбырына қосу мәселесі бойынша депутаттар келісімге қол қою керектігін түсіндірді. Сондай-ақ аталған мәселені облыстық деңгейде көтеруге уәде берді.