Маңғыстауда бүгіннен бастап мобильді қоғамдық қабылдау басталды. Мобильді топ алдымен Баянды ауылына барды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Баянды ауылының тұрғындары интернет сапасының нашарлығы, электр энергиясының аздығын, жиі сөнетінін, мектепке жөндеу жүргізу және қосымша құрылыс салу мәселелерін көтерді.
Қабылдау өткізген партия өкілдері аталған мектеп мәселесі сайлауалды бағдарламаға енгені және ЖСҚ жасақтауға қаржы бөлуге ұсыныс берілгені айтты. Сондай-ақ биыл электр бағандарын орнатуға жұмысы аяқталып, электр энергиясының әлсіздігі мен жарықтың өшу мәселесі шешілетінін тілге тиек етті.
«Қазақтелеком» желісіне қосылып, интернет мәселесін шешкісі келген тұрғындарға аталған мекеменің ЦТОМС бөлімінің басшысы Асқар Әлібеков сымсыз желіге қосыла алатындарын және қазір осы жүйеге көшіп жатқандарын айтып түсіндірді.