29 наурыз күні Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл соғады деп күтілуде, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстікке ауысады, солтүстікте, батыста және облыс орталығында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақтауда 29 наурызда күндіз солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстікке ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Дауылдан зардап шекпес үшін алдымен балкондарыңызға тексеріс жүргізіңіздер. Барлық жеңіл және көлемді заттарды бекіту керек немесе бөлмеге кіргізу керек.
Жеке автотранспорттарды ағаштардың жанынан және ескі құрылғылар маңынан алып тастаңыз. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Қатты жел кезінде үйлердің жанында тұрмаңыз, шатырлар және басқа құрылғылар ұшып түсуі мүмкін. Себепсіз сыртқа шықпауларыңызды сұраймыз.