© Сурет әлеуметтік желіден алынды
Жол көлік оқиғасынан зардап шеккен қыз жолды кесіп өткен. Бұл туралы Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қызды Toyota Camry көлігі қағып кеткен. Оқиға 27 наурыз күні 12 «а» мен 27 шағынаудан арасындағы тас жолда болған. Қыз жаяу жүргіншілер өткелінен өтпей, жолды көлденең кесіп өткен. Қазір 16 жастағы зардап шегуші Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
«Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды», - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.