Ақтауда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 15 шағынауданда абаттандыру жұмыстары жүргізіледі,- деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, былтыр абаттандыру бойынша жоба жасақталып, құрылыс жұмыстары басталған болатын. Алайда тұрғындардың арыз-шағымы мен ұсыныстары негізінде жобаға қайта толықтыру енгізіліп жатыр.
"Тұрғындардың көптен сұрап жүрген, бірақ бастапқы жобада қарастырылмаған ескі сатыларды жаңарту, қосымша автокөлік жолдарын орнату, балалар ойын алаңдарын кеңейту жұмыстары жобаға енгізіліп толықтырылуда", - дейді қала әкімдігі.
Абаттандыру жұмыстары аясында шағынауданда жаңадан 9 балалар ойын алаңы орнатылмақ. Бүгінде балаларға арналған 2 ойын алаңы мен 1 воркаут алаңы салынған. Сонымен қатар, автожолдар мен тротуарлар жөнделеді. Жұмыстарды осы жылдың II тоқсанында бастау жоспарланып отыр.