Жарысқа ерлер, әйелдер және паралимпиадашылар қатысады. Чемпионат Ақтауда 31 наурыз бен 3 сәуір аралығында өтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау облысында алғаш рет велоспорттан Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтеді. Жарысқа Қазақстанның 12 облысынан 150-ден астам спортшы қатысады.
Велоспорттан жарыс 31 наурыз бен 1 сәуір аралығында (2 күн) сағат 08:00-ден 16:00-ге дейін Ақтау – Риксос бағытында өтеді. Алдымен 31 наурызда командалық эстафета (18 шақырым – ерлер, 12 шақырым – әйелдер) болады.
Ал 1 сәуірде ерлер арасында 25 шақырымға, әйелдер арасында 20 шақырымға, паралимпиадашылар арасында 15 шақырымға жекелей жарыстар ұйымдастырылады. 2 сәуір күні сағат 08.00-ден 16.00-ге дейін Ақтау – Жетібай тас жолы – Mample бағытында ерлер, әйелдер арасында 120 шақырымға жүгіру, 70 шақырымға топтық жүгіру, 40 шақырымға әуесқой топ жүгіреді.
3 сәуір күні жарыс сағат 08.00-ден 15.00-ге дейін Ақбота саябағы тас жолының бойында өтеді. Онда әйелдің 30 шақырымға, ерлер 40 шақырымға дейін өнер көрсетеді.