Ақтауда 5-7 сынып оқушылары арасында бес асықтан ұлттық мектеп лигасы өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарысқа Мұнайлы, Бейнеу, Қарақия, Түпқараған ауданы мен Ақтау, Жаңаөзен қаласынан келген 6 команда қатысты.
Қыздар арасында өткен жарыс қорытындысы бойынша бес асықтан 7-8 - сынып бойынша Қарақия ауданының құрамасы 1-орын, Мұнайлы ауданы 2-орын, Жаңаөзен қаласы 3-орын иеленді.
Бес асықтан 5-6 сынып қыздар арасындағы жарыста Мұнайлы ауданы 1-орын, Қарақия ауданы 2-орын, Бейнеу ауданы 3-орынды алды.
Жарыс жеңімпаздарына кубок, диплом, медаль, грамоталар табысталды. Сонымен қатар, оқушылар бес асықтан "Белсенді қатысқаны үшін" және "Үздік ойыншы" номинациясымен марапатталды. Енді жеңімпаз командалар республикалық жарыста бақ сынайды.
Аталған жарыс Наурыз мейрамына орай Маңғыстау облысының білім басқармасы және дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен өтті.