Қарақия ауданындағы Құрық, Мұнайшы және Жетібай ауылына қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 42 дана қозғалмалы және стационарлы бейнебақылау камерасы орнатылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарақия аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Талғат Жамаловтың айтуынша, Құрық ауылына 16 дана, Жетібай ауылына 21 дана, Мұнайшы ауылына 5 дана бейнебақылау камера орнатылды.
- Алдағы күндері құқықтық тәртіпті қадағалау мақсатында камераларды іске қосу жұмыстары жүргізіледі, - деді Талғат Жамалов.