Қоқыс шығару мәселесі шешілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Каспий Оперейтинг» ЖШС мен «Маңғыстау Жылу» МКК арасындағы келіссөздер барысында мәселе оң шешімін тапты. Қазір қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр, жұмысы тұрақталды.
«Қазіргі жағдайға байланысты қала тұрғындарынан түсіністікпен қарап, шыдамдылық танытуын сұраймыз. Жақын арада қоқыс толығымен шығарылады», - деді әкімдіктегілер.
Еске салайық, демалыс күндері теңгерімінде қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаратын полигон бар «Каспий Оперейтинг» ЖШС мен «Маңғыстау Жылу» МКК арасындағы қарызға байланысты дау туындаған болатын. Компанияға Ақтаудан қатты тұрмыстық қалдықтарды полигонға әкелуге тыйым салынды.
Осыған байланысты қалада қоқыс шығару үрдісі нашарлады.