Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ҚР тыс жерлердегі көздерден табыс алған жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыруға және осындай кірістен салық сомасын төлеуге міндетті екенін еске салады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Салықты есептеу жеке табыс салығы бойынша декларацияда (240.00 нысаны) жүргізіледі, ол 2022 жылғы 31 наурыздан кешіктірілмей тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына ұсынылады. Бұл мерзім 2021 жылы алынған табыстар бойынша белгіленген.
Салық кезеңінің қорытындылары бойынша жеке табыс салығын төлеуді салық төлеуші 2022 жылғы 10 сәуірден кешіктірілмейтін мерзімде табыстың 10% мөлшерінде жүргізеді.
Декларацияны жеке тұлғалар тұрғылықты жері бойынша салық органына қағаз түрінде және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы немесе салық төлеушінің кабинеті арқылы cabinet.salyk.kz web-порталында электрондық нысанда тапсыра алады.