© Фото әлеуметтік желіден алынды
Полигонға иелік ететін компания бұған «Каспий Оперейтинг» ЖШС-нің қарызын айтып отыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаратын полигон «Маңғыстау жылу» мемлекеттік кәсіпорнының балансында. Ал кешеден бері Ақтаудан қоқыс шығару жұмысы тоқтап тұр.
«Бұл ҚР Экологиялық кодексінің талаптарын бұзады, қалада антисанитарлық жағдай туғызады, Ақтау қаласы тұрғындарының үйреншікті тіршілігін бұзады. Жағдай қоқыстың опырылуына әкелуі мүмкін», - дейді «Каспиан Оперейтинг» ЖШС.
Қарыздың себебі тариф мәселесінде жатыр. Бұрынғы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, шығару және кәдеге жарату тарифі былтыр қолданыстан шықты. Ал жаңасын әлі қала мәслихаты мақұлдамағандықтан, әлі жарамсыз.
«Түбіртектерде «көму» бөлімі жоқ, көмуге қаражат жинау жүргізілмейді, яғни «Каспий Оперейтинг» халықтан қоқыс шығару тарифін алуға құқығы жоқ. «Маңғыстау жылу» МКК басшылығы тұрғындардың 60 пайызын ғана қызметке төлегенімен, полигонға әкелген қатты тұрмыстық қалдықтар көлемінің 100 пайызын бізден есептейді. «Маңғыстау жылу» кәсіпорнының заңгерімен және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің департаментімен кездестік. Бізге полигонның өзі халықпен ортақ келісім жариялап, көмуге қаражатты өз күшімен жинауы керектігін түсіндірді. Алайда «Маңғыстау жылу» компаниясы «Каспий Оперейтингтің» қарызы бар деп есептеп, төлемеу салдарынан полигонның қақпасын жауып тастады», - дейді компания өкілдері.
Арнайы техникалар 6 сағаттан астам уақыт бойы арнайы техника полигон қақпасының алдында тұрғанымен, қоқыс төге алмады. Жағдайға Мұнайлы ауданы әкімдігінде түсініктеме берілді. Бұл жерде де солай айтылды
Соңғы екі айда «Каспий Оперейтинг» 8 миллион теңге қарыз болып, қарызды төлеуден бас тартып отыр.
«Компания басшылығы қарызды өтеу бойынша қандай да бір келісімге келуден бас тартты. «Маңғыстау жылу» МКК қарызды өтеуге келісе алмағандықтан, серіктестікпен жұмыс істеуден бас тартуға мәжбүр болды», - деп хабарлады аудан әкімдігі.