"Наурыз -2022" ұлттық сыйлығы байқауында маңғыстаулық жыршы Оспан Құлсымақов "Үздік жыршы", ал Төлеген Өмір "Үздік зергер" номинациясына ие болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жобаға 8 аталым бойынша барлығы 114 үміткер қатысты. Байқау қатысушыларына дауыс беру «Qazaqstan» телеарнасының ресми сайты арқылы жүргізіліп, әр аталым бойынша ең көп дауыс жинаған жеңімпаз «Тайқазан» естелік статуэткасы және 500 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Қос жеңімпаз да "Наурыз - 2022" ұлттық сыйлығын ұйымдастырған барша жанға және осы жеңіске жетуге себепші болған халыққа үлкен алғыс айтты.
Айта кетейік, ұлттық құндылықтардың насихатталуы мен дамуына елеулі үлес қосып жүрген жандар арасындағы байқау биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр.