Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының аймақтық Call-орталығынан төмендегідей ақпаратты алуға болады. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Call-орталығынан сіз, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді көрсету тәртібі туралы (ТМККМ ескертпе), медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік қамтамасыз ету бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ақпаратты біле аласыз.
«Егер азаматтар медициналық көмектің сапасына көңілі толмаса немесе медицина қызметкерлерінің дөрекі қарым-қатынасына тап болса, облыстық Call-орталыққа 8(7292)303060 телефоны арқылы хабарласа алады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының Өңірлік байланыс орталығының операторлары тәулік бойы жұмыс істейді», - Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.