Бүгін “Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау республикалық маңызы бар тас жолының 747-714 шақырымындағы жол учаскесі уақытша жабылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жолдың уақытша жабылуына ауа райының қолайсыздығы әсер еткен. Яғни республикалық және жергілікті маңызы бар тас жолдарда шаң көтеріліп, жолдың көріну деңгейі нашарлаған.
Сондай-ақ Ақтау-Жаңаөзен тас жолында да шаңды дауыл болып жатыр. Жүргізушілер бұл туралы әлеуметтік желіге видео жолдауда.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА