25 наурызда Маңғыстау облысында жауын-шашын, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында тұман болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жел күтіледі. 25 наурыз күні Ақтауда жауын-шашын, күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Күндіз тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының ТЖД жеке қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады. Есіңізде болсын, жаңбыр, қар кезінде жол тайғақ болады, автомобильдердің әйнектерінен көру мүмкіндігі азаяды. Мұндай жағдайда жүргізушілерге көлікті басқару қиынға соғады, сондықтан жаяу жүргіншілерге өте мұқият болу керек.
Тұманға байланысты жүргізушілерден жылдамдықты төмендетіп, алда келе жатқан көліктен қашықтық сақтауды сұраймыз. Қолайсыз ауа –райы жағдайында жаяу жүргінші өте мұқият болу керек, өйткені тұманда жүргізушінің көрінуі бірнеше есеге нашарлайды, - делінген ТЖД хабарламасында.
Дауылды жел қауіпі туған кезде: балкондарыңызға тексеріс жүргізіңіздер. Барлық жеңіл және көлемді заттарды бекіту керек немесе бөлмеге кіргізу керек. Жеке автотранспорттарды ағаштардың жанынан және ескі құрылыс маңынан алып тастау қажет. Балаларды қараусыз тастамау керек. Қатты жел кезінде үйлердің жанында тұрмаңыз, шатырлар ұшып түсуі мүмкін.