Компания алаңдауға ешқандай себеп жоқ деп мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЖЭО-1 су тарту арнасы ЖЭО-1 Технологиялық қажеттіліктеріне теңіз суын беруге және "Каспий тұшыту зауыты” ЖШС-на ауыз суын дайындауға арналған. Бүгінгі күні Каспий теңізінің күрт таяздануынан су алу каналындағы су деңгейі төмендеді, кей жерлерде тіпті құрлық аралдары пайда болды.
Арнадағы теңіз суының қажетті деңгейін ұстап тұру және ЖЭО-1 және "Каспий тұшыту зауыты" ЖШС технологиялық процесінің тоқтауын болдырмау үшін "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС ЖЭО-1 су тарту арнасында түбін тереңдету жұмыстарын жүргізеді.
Түбін тереңдету жұмыстары жер снарядының көмегімен механикалық жолмен жүргізіледі, ал каналдан айдалатын су қандай да бір бөгде қоспаларсыз теңіз суы болып табылады.
Жүргізілетін жұмыстар Каспий теңізінің экологиялық қауіпсіздігіне әсер етпейді және халықты алаңдатуға себеп болып табылмайды.