Теңіз портын миналады деген жалған қоңырауға байланысты Ақтау теңіз портының қызметкерлері мен жолаушылар эвакуацияланды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Бұл оқиға теңіз порты мен көліктегі полиция департаменті растады.
Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, 18 наурызда бұл дерек Маңғыстау стансасындағы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы (Көрінеу жалған хабарлау) бойынша тіркелді. (терроризм актісі).
– Осы баптың санкциясында 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарын, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, - деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.