Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін еліміздің бір топ азаматтары мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. Ақордаға сілтеме жасап.
Олардың қатарында маңғыстаулық азаматтар да бар.
«Отан» орденімен ақын Нұржан Светқали;
«Парасат» орденімен ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Еділ Жаңбыршин мен Самат Мұсабаев;
«Құрмет» орденімен жыршы Арғын Бисенов, "Маңғыстау" телеарнасының директоры Әнуарбек Бимағамбет, Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттары Аят Сүгірбай, Аббат Өрісбаев және Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Уайс Ерсайынұлы марапатталды.