Облыста 14 - 23 наурыз аралығында республикалық «Пробация» жедел-алдын алу шарасы, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметіне сілтеме жасап.
Бөлім қызметкерлері полициямен бірге күшейтілген режимде кезекшілік етуде. Облыстағы қалалар мен аудандарда полиция жасақтарының саны артты.
"Полиция және пробациялық бақылауда есепте тұрған сотталған азаматтар кешкі сағат 20:00-ден бастап таңға дейін үйінде болуы керек екені белгілі. Ал, жазаны өтеу тәртібін бұзған жағдайда ҚР-ның Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес жаза түрін неғұрлым қатаң, яғни, бас бостандығынан айыруға дейін ауыстыру үшін сотқа жіберіледі", - деп түсіндірді Маңғыстау облысы бойынша пробация қызметінің өкілі Ғабит Чутабеков.
Жедел алдын-алу шарасы пробация есебінде тұрған тұлғалардың қайта қылмыс жасауының алдын алуға бағытталған.