Ақтаудағы №15 автожол бойына 40 қарағай егіледі. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қазіргі таңда жердің қаттылығына байланысты арнайы техниканың көмегімен қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазылған жерлерге органикалық тыңайтқыш төселіп, өсімдік топырағы салынады.
Дайын болған жерге қарағайлар топырақ араласқан тамырымен бірге отырғызылады.