Полицейлер Атыраудағы Авангард ықшам ауданындағы атыс туралы ресми ақпарат таратты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, күдікті қамауға алынды. Атыс автоматпен жасалған деген ақпарат расталмады.
«15 наурыз күні сағат 22.10 шамасында Атырау қаласында болған атыс салдарынан 1995 және 1999 жылы туған екі ер адамға оқ атылды. 1995 жылы туған тағы бір адам оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары кезінде атыс маңынан 1999 жылы туған ер адамның мәйіті табылды», - деп хабарлады полицейлер.
"Қылмыс жасады деген күдікпен 1993 жылы туған Маңғыстау облысының тумасы анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға жеке келіспеушіліктердің салдарынан болған. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды», - делінген хабарламада.
Бұған дейін жергілікті БАҚ оқиға орнынан қашып кеткен белгісіз біреудің Калашников автоматынан екі-үш адамды атып өлтіріп, тағы біреуін жаралағанын хабарлаған.