Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау ауданының әкімі Тілек Көшмағанбетов хабарлады.
Шетпе-Қызан-Ақшымырау ауылдарына 130 шақырым талшықты оптикалық байланыс желісі тартылды. Құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Бұдан бөлек, Шетпе-Тұщықұдық-Шебір ауылдарына да 95 шақырым талшықты оптикалық байланыс желісі тартылды. Сонымен қатар, ЖСҚ (жобалық-сметалық құжаттамасы) дайын тұрған, Шайыр – Жыңғылды ауылдарына талшықты байланыс жүйесін тарту жұмысына, Жыңғылды селоішілік байланыс жүйесіне және Боздақ елдімекені ішінде байланыс жүйесі құрылысының жобалары сараптамадан оң нәтиже беріп, 2022 жылға бюджеттік өтінім берілді,-деді Тілек Көшмағанбетов.
Сондай-ақ, Маната асуы аумағын мобильдік байланыспен қамтамасыз ету мақсатында антенналық-діңгек жүргізілмек. Жоба құны – 79,048 млн. теңге. Мердігер – «Нұрлы жол» ЖШС. Келісім шарт құны – 63,064 млн теңге.