Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау ауданының әкімі Тілек Көшмағанбетов мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ауданда 12 мәдени нысан және 15 кітапхана қызмет көрсетеді. 2021 жылы аудандық мәдениет үйі, Ұштаған, Онды, Қызан, Тұщықұдық, Шебір ауылдық мәдениет үйлеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жармыш ауылынан кітапханасымен бірге 200 орындық селолық мәдениет үйінің құрылысы толық аяқталып, жаңа ғимарат пайдалануға берілді,-деді Тілек Көшмағанбетов.
Спикер спорт нысандары бойынша да тоқталып өтті.
Жыңғылды ауылында спорт залдың құрылысы жүруде. 2021 жылы конкурс өткізіліп, жеңімпаз «Оңдасын Строй» ЖШС танылған. Бұдан бөлек, Онды ауылында спорт кешенін ашу жоспарланып отыр. «Коорпарация Асыл-Строй» ЖШС-мен келісім шарт жасақталған. Келісім шарт сомасы 6 822,2 мың теңге. 2021 жылы 1 500,0 мың теңге қаржысы игерілді. Қазіргі таңда жобалау жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы, ауданда 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 1 бокс залы, 1 күрес залы, 2 жүзу бассейні, 1 орталық стадион, халықтың спортпен айналысуына қолжетімді 11-спорт кешені, 18-ашық спорт алаңы, 25 – балалар ойын алаңы бар.
2021 жылы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне Шоқыр Бөлтекұлы атағы берілген. Ш.Бөлтекұлы атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде атбегілік, құсбегілік, жеңіл атлетика, садақ ату спорт түрлері бойынша топтар ашылып, қазіргі таңда спорт мектебінде барлығы 17 топ, 1242 спортшы спорттың әр түрімен айналысады.
Жыл қорытындысымен қазақтың ұлттық саятшылық кәсібін насихаттап жүрген Тұщыбектік құсбегі А.Тайманов Елордада ұлттық спорттың үздігі «Алтын Тұғыр-2021» сыйлығын иеленді. Жыңғылды ауылының тумасы Нұрсұлтан Омардың бастамасымен садақ ату спорт залы ашылып, 10 жасөспірімді ұлттық спортқа баулуда.