Бүгін "Астана" сауда орталығының бірінші қабатынан түтін шығып, адамдар қауіпсіз жерге шығарылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаментіне оқиға туралы хабарлама сағат 20:36-да келіп түсті.
"Оқиға орнына 2 шақырту бойынша техникалар мен қызметкерлер жіберілді. Сауда орталығында жүрген 260-қа жуық адамды қауіпсіз жерге шығару жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 130 бала бар. Өрт ошағын барлау жұмыстары әлі жалғасып жатыр", - деді Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, подполковник Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов.
Оқиға орнында 5 техника 16 қызметкер және Полиция департаментінен 2 техника мен 4 қызметкер бар.