ГМ-172/10 контроллерлері вафли ішінен Samsung смартфоны және сіріңке қорабы көлеміндегі Nokia телефонын тапты. Телефондардың батареялары зарядталған және SIM карталары салынған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мекеме басшысының орынбасары Азат Орынбасаровтың айтуынша, бұл биыл тіркелген бесінші факт.
– Бұған дейін бір жағдай есірткіге қатысты болды. Кейін бұл заттарды бермек болған адам жазаланды. Ал қалған жағдайларда телефондарды таптық. Кінәлілер әкімшілік жазаға тартылды, – дейді Азат Орынбасаров.