Жетібай кентіндегі екі жалдамалы 72 пәтерлік үш қабатты тұрғын үйдің құрылысы тамыз айында аяқталып, 144 отбасыға пәтер кілті табысталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ҚКО-на сілтеме жасап.
Тұрғын үйлердің келісімшарттық құны 1,5 млрд теңге болса, сыртқы инженерлік желілер мен қосалқы нысандардың құрылысына 300,3 млн теңге жұмсалды.
Сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Құрық және Жетібай ауылдарындағы көпбалалы аналар үшін 30 тұрғын үй сатып алынды. Бұған 252 миллион теңге жұмсалған. Құрықта 4, Жетібайда 26 үй сатып алынды.
Аудан бойынша тұрғын үйге мұқтаждар тізімінде 905 адам тіркелген.
«Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында жергілікті бюджеттен тұрғын үй сатып алуға бастапқы жарналарды төлеуге жергілікті бюджеттен 1,9 млн теңге бөлінді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы бес отбасы баспаналы болды. Оның ішінде 2 отбасы - Құрық ауылынан, үшеуі - Ақтау қаласынан», - деді Қарақия ауданының әкімі Қыдырберді Беков.
Биыл Құрық және Мұнайшы ауылындағы әлеуметтік жатақханаларға да жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмысқа 46,3 млн теңге бөлінді.