Жыл басынан бері зергерлік бұйымдарды заңсыз тасымалдаудың 7 фактісі тіркелді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.
Жыл басынан бері Ақтау халықаралық әуежайында Ыстамбұл-Ақтау жолаушылар рейсін кедендік бақылау кезінде Әуежай - Ақтау кеден бекетінің қызметкерлері ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы зергерлік бұйымдарды заңсыз өткізудің жеті фактісін анықтады.
«Азаматтар «жасыл» дәліз арқылы өтіп, жазбаша декларациялауға жататын тауарлары жоқ екенін мәлімдеген. Чемодандардағы жеке заттар арасынан багажды кедендік тексеру кезінде жалпы сомасы 1063 дана (жеті дерек бойынша) зергерлік бұйым – сырғалар, кулондар, сақиналар мен білезіктер табылды. Азаматтар өз түсініктемелерінде зергерлік бұйымдарды достарына сыйлық ретінде сатып алғанын айтты», - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Зергерлік бұйымдардың нақты құны сараптама арқылы белгіленеді, оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.