Жарыс 28 ақпан мен 6 наурыз аралығында елордадағы «Дәулет» теннис орталығында өткен. Жүлде қоры - 25 мың АҚШ доллары.
1/2 финалда Бейбіт Жұқаев серб Хамад Меджедовичтен басым түскен. Кездесудің есебі 7:6 (7:2), 7:6 (7:3).
Ал финалда Бейбіт ресейлік Әлібек Качмазовпен кездесті. Тартысты бәсекеде ресейліктен 3:6, 7:6 (7:5), 6:7 (4:7) есебімен жеңіліп қалды. Сол турнирде жерлесіміз Тимур Хабибулинмен бірге титулдық белдесуде беларусь Иван Лутаревичпен және украиналық Владислав Манафовтан жеңіліп қалды. Кездесудің есебі 4:6, 0:6.
Осылайша, Ақтау теннис мектебінің тәрбиеленушісі ATP рейтингінде 597-орынға көтерілді.
Еске салайық, биыл ақпан айында Бейбіт Жұқаев спорттық мансабында алғаш рет ересектер арасындағы ел чемпионатында топ жарған.