-Қоғам тарапынан көп көтеріліп жүрген өзекті мәселе ауыз су мәселесі. Соның ішінде жаз мезгіліндегі су тапшылығы. Себебі, Түпқараған ауданының 35800 тұрғындарын толықтай ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жаз айларында тәулігіне 6550 м3 ауыз су қажет.
Қыс айларында 4000 м3 ауыз су жеткілікті болса, жаз айларында бау-бақша, ағаштарды суаруға байланысты ауыз суға сұраныс күрт өседі. Бұл бағыттағы жұмыстарымыздың бірі, алдағы уақытта 2 жобаны іске қосу жоспарлануда. Соның бірі - Форт-Шевченко қаласындағы теңіз суын тұшыту арқылы өнімділігі тәулігіне 5000 м3 су құбыры тазарту станцияларын салу. Қазіргі кезде құрылысына жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда. Жобалаушы «Проектный центр» ЖШС. Жоба мемлекеттік сараптамада қаралып жатыр, - деді Айбек Қосуақов.
Екінші жоба - «Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласындағы Аташ елді мекеніндегі Өскінбаев, Завод, Тау, Асқанбаев және А. Иманов көшелері бойынша су құбырының құрылысы» жобасының жобалық-сметалық құжаты дайындалды. 2022-2023 жылы құрылысын бастау жоспарланып отыр. Қазіргі кезде бюджеттік өтінім берілді.
Ақшұқыр ауылының халық саны 14500 адам, 8 құдықтан тәулігіне 250м3 су тасымал арқылы беріледі.