-Медицина саласын дамытуда мәселе жоқ емес бар. Ол қоғам тарапынан да көтеріліп жүр. Оның ең үлкені бүгінгі таңда Сайын Шапағатов ауылдық округіндегі 800 адамға арналып салынған дәрігерлік амбулатория. Онда тек күніне 15 адам қабылдауға қауһарлы. Ал бүгінде өздеріңізге белгілі ауылдағы халық саны 10 мыңнан асып отыр. Бұл мәселе былтырғы есеп беруде халық тарапынан көтеріліп, іс-шараға енді. Осы бағытта Сайын Шапағатов ауылдық округі мен Ақшұқыр ауылдары үшін ортақ жеке клиника мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы салу жоспарланды,- деді Айбек Қосуақов.
Қазіргі уақытта жеке инвестормен келіссөздер жүргізілген. Жер таңдау актісі белгіленді. Жақын арада конкурс өткізілмек. Тәулігіне 200 адам қабылдайтын БМСК орталығы (бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығы) салынатын болады.