Әлеуметтік желіде Ақтау қаласының 16 шағынауданында салынып жатқан «Лепес Примера» тұрғын үй кешені туралы видео мен фото тарады. Видеода тұрғын ғимараттың іргетасы шөгіп кеткенін және компания ғимараттың қаңқасын бұзатын болды деген болжам айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтауда қатты жел кезінде видеолар мен фотолар желіге белсенді түрде таралды. Ал құрылыс салушы компания іргетастың шөгуі туралы ақпаратты жоққа шығарды.
«Ғимарат барлық стандартқа және құрылыс нормалары толық сәйкес келеді. Салынып жатқан үй кіреберістерінің арасында «саңылау» пайда болды деген қауесеттерге келетін болсақ, бұл компенсатор деп аталатынын және жобада әу бастан қарастырылғанын хабарлаймыз. «Компенсатор – құрылыс конструкциясының тік (көлденең) жазықтықта жобада қарастырылған, тірек қаңқасындағы кернеулерді өтейтін, оның салдары темірбетонның геометриялық өлшемдері мен салыстырмалы орналасуының өзгеруі болып табылатын фрагменті. Мұндай тігістер ғимараттардың берік болуна септігін тигізеді. Олар өтелетін кернеуге байланысты: температуралық, шөгулі, құрылымдық, шөгінді және сейсмикалық болып бөлінеді. Бір жылытылатын ғимарат ішіндегі кесінділер арасындағы қашықтық құрама-монолитті және монолитті құрылымдар үшін 90 м-ден аспауы керек.Ғимараттың ені 100 метрден асатындықтан, жобада деформациялық қосылыс қарастырылған», - деді компания.
Сондай-ақ компания жалған хабарлама таратқандарға қатысты барлық шара қолданылатынын ескертті.