Қаланы көгалдандыру жобасы аясында жеке серіктес 5,2 млрд теңгеге жұмыс атқаруды жоспарлап отыр. Оның 63 млн теңгесі суаруға (маусымға – 6 айға) қарастырылған.
«Нәтижесінде қаланың жасыл желегі көбейеді. 21 000 ағаш, 7000 метр ұзындықтағы бұта, 5000 шаршы метрге көгал отырғызу жоспарда бар», - деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі.
Сондай-ақ, қалада 787 500 дана гүл мен 40 мың түп раушан гүлін отырғызу жоспарлануда.
«Жеке серіктес анықталмай тұрып, қаңтар айының басынан бері бюджет қаражаты есебінен «Ақбота» МКҚК-ның абаттандырушылары жасыл желектерді күтіп-баптау, сондай-ақ жаңа ағаштар отырғызу жұмыстарын жүргізуде. Ақпан айының басынан бері 3500 ағаш отырғызылды, оның 1500-і қылқан жапырақты, қалғаны жапырақты», - делінген хабарламада.
[img=29231,w=1000,u=0