Ақтау халықаралық әуежайын Меруерт Жолдыбаеваның басқарғанына бір жылдан асты. Оның қарамағында 600-ден астам адам бар, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Меруерт Жолдыбаева Түркияда, Измир қаласында білім алған. Мамандығы журналист болғанымен, ол бойынша жұмыс істеп үлгермеген. Ал Қазақстанға келер алдында Меруерт жұбайымен бірге Ақтауды таңдаған. Бұған Меруерттің күйеуі теңіз саласында жұмыс істеуі әсер еткен. 2007 жылдың аяғында облыс әкімдігі мен түрік инвесторы компаниясы арасында терминал мен әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту туралы келісімге қол қойылды. Ал 2008 жылдың басында Меруерт Жолдыбаеваға осы жобамен жұмыс істеу туралы ұсыныс түскен. Ол кезде ол 24 жаста болатын.
«Мен директорлар кеңесінің ассистенті болып жұмыс істей бастадым, өйткені мен ағылшын, түрік тілдерін жақсы білетінмін. Содан кейін мені оқуға – сапа менеджменті курстарына жіберді. Сол жылы халықаралық стандарттармен таныстыру, сапа стандарттары және авиациялық стандарттар бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істедім»- деді ол.
2013 жылы Меруерт Ақтау халықаралық әуежайы басқарма төрағасының орынбасары болды. Ал 8 жылдан кейін ол зейнетке шыққан директорды орнына ауысып, әуежайды басқарып жүр. Меруерт Жолдыбаеваның айтуынша, әуежай жұмысындағы табыс, ең алдымен, барша ұжымның еңбегі.
- Біздің әуежайдағы қызметкерлерден жолымыз болды. Жастардың білмегенін үйретеді және сіз оларға әрқашан сене аласыз. Ең бастысы, Меруерт отбасының тірегі – күйеуі мен ұлы екенін мойындайды. Сонымен қатар әуежай басшысы үйдегі барлық шаруаны күйеуі екеуі бөлісетінін де жасырмады.