Бүгін облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының қатысуымен туды салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. Туды ҚР ТЖ Вице-министрі Мереке Пішембаев тапсырды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Шара барысында Мереке Пішембаев сөз сөйледі.
"Абырой, ерлік пен даңқ символы және жалау әрқашан тек бейбіт уақытта, мерекелік іс - шаралар мен Департамент өміріндегі ерекше маңызды шараларда қолдансын" - деді Мереке Пішембаев.
Сонымен қатар Маңғыстау облысы ТЖД бастығы, подполковник Мұрат Мұханов шараның маңыздылығына тоқталды.
"Бүгін біз үшін тарихи күн! Ерекше қастерлі және қорғалатын нышан бола отырып, ту Департаменттің үздік дәстүрлерін қолдау мен дамытуға, қызметкерлердің жоғары моральдік рухын қалыптастыруға, олардың таңдаған ісіне берілгендігіне ықпал ететін болады. Туды ала отырып, Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің жеке құрамы оның алдында тұрған барлық міндеттерді жоғары деңгейде орындайтынына сендіруге рұқсат етіңіздер" –деді ол.