Ақтаудың 19 шағын ауданындағы үйлердің тұрғындары бірнеше жыл бойы автогаз станциясының үйлерге тым жақын орналасқанына шағымданды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Автогаз бекетінің мәселесі шешілді. Бекетті жабу туралы шешім қабылданыпты. Үй тұрғындары Ақтау қаласының әкімі мен тұрғындардың жағдайына түсіністікпен қараған кәсіпкерге алғыс білдірді.