Мұнайлы ауданындағы құқықтық-тәртіптік қызмет жолға қойылып келеді. 2021 жылы қылмыс жасау саны 58 дерекке азайған. Оның ішінде онша ауыр емес қылмыс 49%-ға, кісі өлтіру 20%-ға, ал қарақшылық 100% азайған.
Ауданда қылмыстың алдын алу және болдырмау, сондай-ақ қылмыстарды ашу үшін нәтижелі жұмыс жүргізіліп келеді. Одан бөлек жасалатын қылмыстың алдын алу және болдырмау, жасалған қылмысты ашу үшін шағын және орта бизнес нысандарына бейне камера орнату тапсырылған еді. Қазір аудандағы 435 дүкеннің 328-іне камера орнатылды. Одан бөлек қылмыстың алдын алуда полиция бөлімі өткізетін профилактикалық шаралар өз эффектісін беріп келеді,-деді Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Ержан Күмісқалиев.
Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері техникалық жабдықпен қамтылған. Патрульдік және учаскелік полиция инспекторлары 137 бейнетіркегіш, 103 рация және 116 планшетпен қамтылған.