21 ақпаннан бастап бүкіл ел бойынша басталған су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы шеңберінде Маңғыстау облысының ТЖ Департаменті жергілікті атқарушы органдармен және еріктілермен бірлесіп аула аумақтары мен арықтарды тазарту бойынша көмек көрсетті.
Айлық аясында 2-топ мүгедегі А есімді азаматқа көмек көрсетілді. Маңғыстау облысы ТЖ Департаментінің ТЖ жою бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Дастан Аманкешұлы мұндай акцияларға аға ұрпаққа және халықтың әлеуметтік осал топтарына қамқорлық пен мейірімділік танытуға үйрететінін атап өтті.