Мұнайлы тұрғыны Бағила Көзтаева әлеуметтік медициналық сақтандырудың пайдасын көріп, өз ризашылығын жиі білдіріп отырады.
Бағила Көзтаеваның айтуынша, белі ауырып, ауруханадағы учаскелік дәрігерге қаралады. Учаскелік дәрігері медициналық сақтандыру арқылы бірнеше сараптама жасауға және МРТ-ға түсуге жолдама береді. Талдауларын жасатып, тегін МРТ -ға түскен Бағилаға дәрігерлер омыртқа бағанасы бел бөлімінің остреохондрозы деген диагнозын қойып, емделуге кеңес берген.
Осылайша бір бетке дәрі-дәрмек тізбегі жазылған парағын алып, күндізгі стационардағы дәрігер Венера Бердіхалыққа келді.
«Басында берген дәрілерді сатып аламын деп ойладым. Содан күндізгі бөлім тек сатып әкелген дәріні салып беруге арналған деген оймен дәрігерге келдім. Күндізгі бөлімнің дәрігері жылы жүзбен қарсы алып, мейірбикелер екпелерді егетінін айтты», - дейді Бағила.
Сөйтіп сақтандыру арқылы тегін емделген Бағила күндізгі бөлімнің меңгерушісі Кеңес Айсаұлына алғысын білдірді. Қыздары екпе салғанда қолдары жеңіл екенін жеткізді.
«Басың ауырып, балтырың сыздағанда осындай жеңілдікпен тегін емделіп шыққан кезде ойың тіптен өзгеріп кетеді екен. Өйткені барлық талдау мен емді тегін алған кімге ұнамасын?!» -дейді тұрғын Бағила.