Ақтау қаласының әкімі қаланы абаттандыру бойынша тұрғындар пікірі ескерілетінін айтты. Биыл 1, 4, 14, 22, 28а және 29 шағынаудандарға кешенді абаттандыру жұмыстары үшін жобалық сметалық құжаттамасы жасақталуда. Қазіргі таңда жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- 2021 жылы NCOC демеушілігімен қаланың бес шағын ауданында, атап айтса 5,8,9,13 және 28 шағынаудандарда кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда ойын алаңдарының жабдықтарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Толық жұмыстар наурыз айында аяқталып, әр шағынаудан тұрғындарынан құралған белсенді топпен бірге арнайы комиссия қабылдап алады. Егер қандай да бір кемшіліктер орын алған жағдайда мердігер мекемеге қалпына келтіру жүктеледі,- деді Нұрдәулет Қилыбай.
Одан өзге өткен жылы бюджет қаражаты есебінен қалаға 6 балалар ойын және воркаут алаңдары орнатылды. Ал, 2022 жылы 10 ойын және 10 спорт алаңдарын орнату жоспарланған.