Маңғыстау облысында 1 наурыз бен 30 маусым аралығында көктемгі әскерге шақыру науқаны өтеді. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде корғаныс істері жөніндегі департаменті Жасақтау басқармасының Мерзімді әскери қызметке шақыру бөлімінің бастығы Талғат Сарбасов хабарлады.
Ведомстваның мәліметінше, 2022 жылдың көктемінде Қарулы күштердің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдардың қатары әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босатылуға негізі жоқ 18-27 жас аралығындағы жеті жүзге жуық жасөспіріммен толығады.
-2022 жылдан бастап әскерге шақырылушыларды хабардар ету 1414 сервис-қызметтері арқылы SMS-хабарламалар жіберу арқылы жүзеге асырылады, - деді департамент өкілі.
Болашақ сарбаздар жинау пункттерінде әскерге шақыру кезінде және бөлімдерге келген кезде COVID-19-ға қарсы ПТР-зерттеуден екі рет өтеді. Әскерге шақырылушылар мен олардың ата – аналары біздің облыстағы қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің "Қарулы Күштер-адалдық алаңы" жобалық кеңселерінен қажетті ақпаратты алуына болады. Сондай-ақ өздерін қызықтырған мәселелерді әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарға және жергілікті әскери басқару органдарының электрондық пошта жәшіктеріне жібере алады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі үшін дәстүрлі түрде бірінші болып әскери командалар құрылады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің командаларын жөнелту ағымдағы жылдың сәуір айының ортасында басталады. ҚР ҰҰ әскери командалары 2022 жылдың маусым айында жасақталып, жөнелтілетін болады.
-Күндізгі оқу нысанында оқуына байланысты мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылған жасөспірімдер Е-лицензия электрондық порталы арқылы тиісті құжаттарды қоса бере отырып кейінге қалдыруды алуға өтінім беруі қажет, - деді Талғат Сарбасов.
Әскерге шақыру науқанын жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырып, қамтамасыз етеді. Облыстық төрағалары, қалалық және аудандық комиссиялар тиісті қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары болып табылады. Облыстық комиссияға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекбол Тілеумұратұлы Орынбасаров басшылық етеді.