Бүгін Маңғыстау облысы жастар ресурстық орталығының волонтерлары медицина саласы қызметкерлеріне алғыс айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты МО Жастар ресурстық орталығына сілтеме жасап.
Алдымен волонтерлар 1 шағынауданда орналасқан Жедел жәрдем бөлімшесіне барды. Содан соң облыстық көпбейінді аурухананың қабылдау бөлімшесіндегі мамандарға жылы лебіз білдіріп, сыйлық таратты.
Волонтерлардың айтуынша, адам өмірін арашалап жүрген мамандар әрқашан алғысқа лайықты. Науқастарға жедел көмек көрсетіп, аянбай еңбек етіп жүрген дәрігерлерге алғыс айту - әрбір адамның міндеті.
Сонымен қатар ақ халатты абзал жандар да жастардың риясыз көңіліне рақмет айтып, болашағына сәттілік тіледі.
"Құрметті жастар, сіздерге тек қана ақ жол тілеймін! Бір орында отырып қалмаңдар, өсе беріңдер! Мына заманда сендерге барлық жол ашық! Сондықтан сіздерді биіктен көрейік. Көп рақмет", - деді медицина қызметкері Элмира Сәрсенова.